Жұмат Шанин – қазақ театрының негізін қалаушы

Астана опера мәдениеттің алып ордасы болса да, Қазақстандағы ең жас театрлар. Одан бөлек елімізде ондаған ұлттық драма театрлар бар. Бұның бәрі ұлт мәдениетінің баға жетпес байлығы. Ал осы қазынаны бізге мұра еткен бір ғана адам. Ол сөз жоқ Жұмат Шанин. Ол өнерді өзінің өмірінен артық сүйді, өркен жайып, қанат қағуына өл-өлгенше адал қызмет етті.

Жұмат Шанинді ұлт мақтаны болған, бірақ жалған жаламен халық жауы аталған Сәкен Сейфулин, Темірбек Жүргенов, Бейімбет Майлиндермен бірге бір күнде атқан. Аты аталған арыстардың саясат пен қоғамдық өмірге ықпалы бар болса, Жұмат еңбегінің саясатқа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын. Оның жандүниесі тек қана өнер, муызка, махаббат деп өткен.

Жұматтың қазасынан кейін халық жауының туыстары үш күннің ішінде Алматыдан аластатылады. Бірақ жары Жанбикеге бұл қуғында көмектеспейді. Ақыры оны 1938-жылдың маусым айында тұтқындап әкетеді.

Жанбике Шанина сегіз жылға сотталып, жолдасымен қатар құрбан болғандардың жесірлерімен бірге Ақмоладағы АЛЖИР абақтысына қамалады.

Бағдарламада режиссер, драматург, актер, ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам жөне театр қайраткері, Қазақ КСР-інің халық әртісі Жұмат Шаниннің өмірі мен шығармашылығы баяндалады.

Пікірлер