Мағжан Жұмабаевтың жұмбақ өлімі

«Мен өлмеймін, менікі де өлмейді...» Иә, дәл солай жырласа да қазақтың маңдайалды ақыны Мағжан Жұмабаевтың ғұмыры тым қысқа болды. Ол жарық дүниені сондай сүйді, бірақ өмір оған жон арқасын көрсетті. 45 жыл ғұмыр кешсе, оның 10 жылы қапас пен қуғын-сүргінде өтті.

30-шы жылдары қуғын-сүргінге ұшырағандардың ғұмыры қайғылы аяқталды. Мағжан Жұмабаев та солардың қатарында болған еді. Бірақ ол қай жерге жерленді? Расында да ату жазасына кесілді ме? Құпиялар, айтылмай қалған сырлар, аян берген белгілер. Мағжан Жұмабаев – өмірі жұмбаққа толы ақындардың бірі. Ақын өлімінің құпиясы, сәуегей тұлғаның өмір жолы туралы бағдарламада егжей-тегжейін баяндап береді.

Пікірлер