Назарбаев Университеті: Халықаралық үлгідегі білім ордасы

Қазақстандық жастар соңғы үлгідегі заманауи технологиялардың көмегімен білім алып жатыр. Бұл – 2010 жылы Қазақстан Президентінің бастамасымен өмірге келген Назарбаев Университетінің жоғары білім берудегі негізгі ұстанымдарының бірі. Ол халықаралық дәрежедегі зерттеу алаңына айналуға қауқарлы. Ғылым мен инновацияның дамуына ерекше көңіл бөледі.

Қазіргі таңда университет аясында 8 мектеп жұмыс істейді. Олар дүниежүзілік үздік жоғары оқу орындарымен бірлесіп, бакалавариат, магистратура және докторантура бағдарламаларын ұсынады. Профессор, оқытушылар құрамында 50 мемлекеттен жиналған 500-ден аса маман бар. Оқу орны ашылғалы бері 5 мыңға жуық студент университетті бітіріп шыққан. Ұсынылатын оқу бағдарламалары білім берудің негізгі сараптамалық үдерісіне лайықталған. Сонымен қатар оқытушылардың әдістемелерін негізге алған. Жоғары оқу орны өзіндік инновациялық өнім өндіреді. Бұл – университеттің басты ерекшелігі.  

Қазақстандық түлектердің арманына айналған университеттің тағы қандай ерекшелігі мен жетістіктері бар? Бізбен бірге танысып көріңіздер.

Пікірлер