Қазақстан темір жолдарының құрылысы, тарихы мен дамуы

Қазақстан сынды темір жолдары танымал мемлекет әлемде жоқ шығар. Жазық ландшафт жиі кездесетін бұл алып мемлекетте пойыз – жолаушылар мен сауда жүгі үшін ең ыңғайлы көлік. Мұнда темір жол инфрақұрылымының ауқымдылығы соншалық, бұл сала көптеген қызметкерлерді қажет етіп, адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуде. Және де дамыған темір жол тораптарының арқасында Қазақстан шығыстағы Қытай мен батыстағы Еуропаны байланыстыратын  халықаралық көпірге айналып отыр.

Қазақстанның өзге қалаларына қарағанда Алматыда бір емес екі бірдей теміржол бекеті орналасқан. Ол – 1-ші және 2-ші Алматы вокзалдары. О бастан бұл екі бекеттің түрлі міндеттері болған:  1-ші Алматы  жүк және халықаралық тасымал торабы болса, 2-ші Алматы бекетін ішкі жолаушылар тасымалы үшін пайдаланған.

Бағдарлама барысында біз сіздерді Ұлы жібек жолы бойында жатқан Қазақстан темір жолының тарихымен таныстырамыз.

Пікірлер