Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы

Қазақстан мен Қытай бүгінде ынтымақтастықтың жаңа деңгейі аймақаралық қарым-қатынастарды дамыту жолына түсті. Мұндай қарым-қатынас сауда-экономикалық байланыстардың тұрақтылығы мен тиімділігін арттырады: бірлесіп іс-әрекет жүргізу салалары жергілікті сипатқа көшеді, диалогтар тікелей жүргізіледі. Әріптестер өңірлерге іссапармен келіп, өздеріне қажетті ақпаратты ала алады, аймақтық бизнес жүргізу ерекшеліктерімен танысады, бірлескен кәсіпорын құруға лайықты бағыттарды анықтайды.

Бүгінде Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық Қытайдың «Бір жол, бір белдеу» жаһандық бастамасы мен Қазақстанның көлік логистикасын дамытуға және өнеркәсіпті жаңғыртуға бағытталған ұлттық бағдарламаларын үйлестіру шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобалардың есебінен нығая түсуде.

Серіктестіктің мұндай бағдары бірлескен жобалар ауқымының кеңеюіне алып келеді. Қазақстанның қаржылық және шикізаттық ресурстары көп шоғырланған орталық және батыс облыстардан өзге Аспан асты елі кәсіпкерлерін республикамыздың өзге аймақтары да қызықтыруда.

Пікірлер