Каталон картасының құпиясы

Берлин университетінің жас студенті Петр Семенов-Тян-Шанский Венецияға барған ғылыми сапары туралы мынадай естелік жазып қалдырады: 

«1850-ші жылдардың басында Венецияға барғанымда әйгілі каталон картасымен таныстым. Картадан Ыстық көлдің суретін алғаш рет көрдім. Оның солтүстік бөлігінде Таяу шығыс елдері – Сирия, одан әрі Азияға қашқан несториан христиандарының ғибадатханасы бейнеленген».

Саяхатшы 5 жылдан соң Орыс географиялық қоғамының тапсырмасы бойынша Тян-Шань тауының жүйесін зерттеуге аттанады. Бір қызығы,  экспедиция бағдарламасына жас ғалымның каталон картасында көзіне түскен ерекше  нысан да енгізіледі. Ғылыми керуенге Ыстықкөлге дейін Уәлиханов та еріп жүрген.  Семенов-Тян-Шанский жұмбақ ғибадатхананы тапқан жоқ. Бірақ ол жайында ел аралағанды ұнататын нағыз жиһанкез, Жетісу өлкесінің болашақ губернаторы Герасим Колпаковскийге айтады. Ал Герасим Алексеевич Колпаковский – казак әскерін басқарған бірінші атаман, біздің өлкенің бірінші губернаторы болды.

Каталон картасындағы қолтаңба – армяндардың Ыстық көлдегі ғибадатханасынан сыр шертетін жалғыз дерек. Колпаковский де, басқа зерттеушілер де ғибадатхана туралы, әулие Матвейдің сүйегі туралы қандай да бір мағлұмат беретін деректі таба алмады. Дегенмен, ортағасырдағы саяхатшылар бүгінгі Жетісу өңірінде, жалпы қазақ даласында христиан дінінің біршама қанат жайғанын атап өткен. Сонымен Каталон картасы әлі толық зерттеліп бітпеген.

Семенов-Тян-Шанский Венецияда қандай олжаға кезікті, сондай-ақ генерал Колпаковский Ыстық көлдің табанынан не тапты? Сүңгуір қайық қалай  сынақтан өткізілді, армяндардың ортағасырлық ғибадатханасы қайда орналасқан? Бұл сұрақтардың жауабын бағдарлама барысынан біле аласыздар.

Пікірлер