Алтай құпиясы. Ақкөзді чудь тайпасы

«Олар көп жасаған, көпті көрген адамдар . Олардың қандай дінді, қандай салт-дәстүрді ұстанғанын ешкім білмейді. Тұрғызған үйі, шомылатын моншасы, азық сақтайтын салқын қоймасы да жоқ. Тауды мекен етіп,  ешкімнің ісіне араласпады, ешкімге зиянын тігізбеді, өз бетімен өмір сүрді», - деп жазады Павел Бажов «Дорогое имячко» еңбегінде.

Аталмыш адамдар – Жайық жағасында өшпес із қалдырған «Ақкөзді чудь» тайпасы. Олар – аңызға айналған көне халық. Күні бүгінге дейін ол жайлы нақты дерек жоқ. Оларға қатысты аңыздар да ерекше. Сиқырлы сақалды ергежейлер, жұмбағы мол Ақсу, Андронов мәдениеті, ғасырлар қойнауынан жеткен технология, Алтайдың көнетүркі аңыздары. Міне осындай сипатқа ие чудь тайпасының өмірі, тілі, діні, ұстанымдары мен әдет-ғұрпы қандай болды? Олар аңызға айналған кейіпкерлер ме әлде тарихта шынымен өмір сүрген тайпа ма? Чудьтар неліктен ақкөз деген атқа ие болды? Бұл туралы толығырақ бағдарлама барысынан біле аласыздар.

Пікірлер