Алтынемелдің әнші құмдары

Алтынемел Ұлттық табиғи паркі Іле өзені алқабында орналасқан. Парк 1996 жылы осы өңірдің бірегей табиғи кешенін сақтау үшін құрылды.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, осыдан 30-50 млн жыл бұрын мұнда ылғалды тропикалық климат болып, орман, бұталар, тіпті батпақты жерлер көп болған. Сонымен қатар басқа еш жерде кездеспеген сүтқоректі жануарлар мекендеген.

Алтынемел құмдарындағы «Әнші құм» немесе «Айғай құм» - танымал жерлердің бірі. Оның алып жатқан жерінің үлкен болуы сонша, ұзындығы 2-3 километрге дейін, ал биіктігі шамамен 120 метрге жетеді. Бұл құмның бір ерекшелігі – құрғақ күндері әуенді дыбыстар шығарады. Оның әуені бірнеше шақырымдарға жайылып, алыстан да естіліп тұрады. Кейбір пікірлерге сүйенсек, құмның ұсақ бөлшектері бір-біріне үйкелген кезде осындай әуенді дыбыстар шығады екен: жеңіл самал жел шиқылдаған дыбыстар шығарса, қатты жел орган дыбысына ұқсас әуен шығарады. Алайда желсіз күнде де құмның әуенін тыңдауға болады. Осы сиқырына байланысты, құм жайында көптеген аңыздар пайда болған.

Құмның тағы бір ерекшелігі – ол басқа құмдар сияқты орнын ауыстырып, көшіп жүрмейді, керісінше, мыңдаған жылдар бойы Алтынемел аумағында, бір орында тұр.

Тамсандырар табиғаты бар саябақтың тарихымен толығырақ бағдарлама барысында таныса аласыздар.

Пікірлер