Азат Тәбиев. Таза өнерді бағындыру

Азат Тәбиев хирург та, заңгер де бола алар еді. Бірақ ол өзіне басқа жолды, суретшілік мамандықты таңдады. Ол – кез келген материалмен жұмыс жасай алатын он саусағынан өнер тамған шебер. Жүрегіңді жылытар бояудың қадірін білетін маман. Кескіндеме жанына жақын. Қолына қылқалам мен бояуларын алса болды, көз алдыңда көркем дүние пайда болады. Үнемі қиялына қанат бітіргенді жақсы көреді.

Азат таза шығармашылық ортада өскен. Оның әкесі – өмірлік ұстазы, атақты кескіндемеші Бақтияр Тәбиев. Сондықтан суретші айналадағы әсемдікті сол әкесі үйреткендей етуге тырысады.

Пікірлер