Қымыз қосып дайындалатын қуырдақ

Кезекті бағдарламамызда дайындалатын тағам түрі – сырбаз деп аталады. Бұл – соңғы жылдары ұмытылып бара жатқан халқымыздың жақсы көретін тағамы. Сырбаз – сірнеге ұқсас қуырдақ түрі. Жаңа сойылған жас малдың етін қазанға салып, қымыз құйып, тұз салып ақырын ғана қайнатып, өз буымен пісіреді. Кей жерлерде мұны «бұқпа қуырдақ» деп те атайды. Піскен кезде еті сағыздай созылып тұрады. Сырбазды әдетте дастарқанға негізгі тағамды қойғанға дейін береді. Мәселен той басталғанға дейін жиналған қонақ аталмыш астан дәм татады. Бұқпа да, сірне де, сырбаз қуырдық та жасалу жолы ұқсас болғанымен, әрқайсысының өз ерекшелігі бар. Дайындалу әдісі мен айырмашылығын үйренгіңіз келсе, бағдарламамызға үңіліңіз.

Пікірлер