Қазақстандық жас ғалым эмальды қалпыга келтіретін дәрі ойлап тапты

Қазақстандық ғалым Бауыржан Айтуов тістерді мықты ететін құрал ойлап тапты. Ол тіс жегісінің алғашқы кезеңдерінде тісті бұрғыламай-ақ емдеуге болатын дәрі ойлап тапты.  Бұл жаңа технология тіс эмалінің табиғи қайта қалпына келуін қамтамасыз етеді. Яғни, өнімнің бір тамшысын тісіңізге тамызып қойсаңыз, 1 айдың ішінде тістің сыртқы қабаты қалпына келеді. Ең бастысы, тіске пломба салу және тісті тесу қажеттілігі болмайды. Бүгінгі таңда дәрі ел аумағындағы бірқатар қалаларда қолданыла бастады.

Іnnodent деп аталатын бұл технология халық үшін қолжетімді ме? Немесе қарапайым пломбалаудан қымбат па? Тісжегіні пломбасыз емдеу әдісінің қыр-сырын бағдарлама барысында таныса аласыздар.

Пікірлер