Кира Ударцева: Протез қайырымдылық жасауға бөгет емес

Бағдарламамыздың алғашқы кейіпкері – Кира Ударцева есімді батыл жүректі қайырымды жан. Осыдан 27 жыл бұрын көлік апатынан кейін бір аяғынан айырылған Кираны, әсіресе, онкологиялық сырқатқа душар болған адамдардың көбісі біледі. Өйткені ол – барынша көмек қолын созып жүрген абзал жандардың бірі. Онымен қоймай, жалғызбасты қарияларға жәрдемін аямай, сал ауруымен ауыратын балаларға дельфинмен емдеу сеанстарын ұйымдастырады. Ал яғы жоқ адамдарға протезбен жүруді үйретіп, өмірге деген құштарлықты оятады.

Жеке басы бірнеше операцияларды өткеріп, аяғына протез киіп жүргеніне қарамастан, бүгінде қайырымдылық шараларын өткізеді. Сондай-ақ, ол онкологиялық емхананың балаларына көмектесуге арналған «Қуаныш сыйлайық!» жобасын ұйымдастырады. Жоба аясында балаларға кәсіби фотографтардың, стилистер мен визажистердің қатысуымен фотосессия өткізеді. Түрлі сыйлықтар беріп, тосынсый жасайды. Оның бәрі жақсы көңіл-күй сыйлауға арналған. Ал жақсы көңі-күй онкологиямен ауыратын адамның анализдерін жақсартып, өмірін кішкене де болса бірнеше есеге ұзартатынын айтады.

Кираның өмірінде қара дақ қалдырған сол оқиғасы мен қайырымдылықпен қалай айналыса бастағаны туралы бағдарлама шығарылымынан толық көре аласыздар.

Пікірлер