Абылдың күйі – «Абыл»

Бала кезінде еркелетіп Абыл атанып кеткен күйшінің азан шақырып қойған аты – Абылай. Ол – Маңғыстау домбырашылық мектебінің негізін салушы. Жастайынан ән мен күйді серік етіп, Боғда, Қошқар сынды күйшілерді өзіне ұстаз тұтқан. Олардың күйлерін үйреніп қана қоймай, бертін келе өзі де күй шығарып, орындаушылық-күйшілік өнерімен танылған.

Абыл Қазақстанның батыс аймағын, Түрікменстан, Қарақалпақстан, Хиуа аумағын аралап, сан рет күйшілер өнерінің сайысына түскен. Есбай (Тазбала), Алтынай, Сәулебай, Өскенбай, Арал, Құлшар, Қауен, Есір, т.б. күйшілер өздерін Абылдың шәкірті санаған әрі оның күйшілік өнерін, орындаушылық дәстүрін жалғастырып, кейінгі ұрпаққа жеткізген.

Абылдың «Абыл»,«Ақжелең», «Нар ату», «Ақсақ құлан», «Кеңес» сын шығармалардың авторы. Назарларыңызға Абылдың «Абыл» атты күйінің шығу тарихын ұсынамыз.

Пікірлер