Өскемен қаласының тарихи ғимараттары

Шығыс Қазақстанның қазіргі орталығы осыдан 100 жыл бұрын аймақтағы өндіріс пен сауданың қайнаған жері болатын. Бұл өңірде түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері көп шоғырланған. Бір ғасыр бұрын Өскеменнің сәулет өнері өзіндік қолтаңбасын қалыптастыра бастады. Өскеменнің сол кездегі сәулетіне аралас классицизм, модерн және көпес стильдері тән. Қаланың сәулетін көркейтуге көпестердің қосқан үлесі зор.

Қазіргі Өскеменнің сәулеті кез келген шетелдік қонақты бейжай қалдырмайды. Мәселен, Көпес Кожевниковтың жекежайында қазір облыстық этнографиялық мұражай орналасқан. Ол өзінің алғашқы келбетін сол күйі сақтап қалған. Бұл ғимараттан әртүрлі бағыттағы эклектикалық ансамбльді көре аласыз. Классицизм бойынша салынған терезе мен модерн стиліне тән өрнектер де бар.  

Сондай-ақ Өскеменде әулие Орыс православ шіркеуі, Андреев кафедралды соборы, Өскемен мен Семей Епархиясының басты ғибадатханасы, Шығыс Қазақстан облыстық драма театры мен Халифа Алтай мешіті – Шығыс Қазақстан облысының бетке ұстар орындары деп айтуға әбден болады.

Өскеменнің бүгінгі келбетін классицизм мен модерннің қосындысы деп сипаттау аздық етеді. Қазіргі қала атмосферасы бүтін бір дәуірді сипаттайды десек артық емес. Стильдердің, бағыттар мен ағымдардың араласуы мен Ертіс пен Үлбі өзенінің керемет көрінісі шығыстағы шаһарға қайталанбас көрініс сыйлап тұр.

Пікірлер