Эфталиттер түркі халықтарынан тараған ба?

Эфталиттер – V-VI ғасырларда барлық Орталық Азия аймағын біріктіріп тұрған қуатты мемлекет. Қазіргі кездегі барлық заманауи ғылым мен баспа беттері эфталиттердің Орталық Азиядағы өте үлкен империяны құрған батыл көшпенді тайпа болғандығын растайды. Оның шекарасы Каспий теңізінен Қашқарға дейін және Арал теңізінен Үндістанға дейін созылып жатты. Осы тайпалардың құрған қуатты одағы Иран мен Үндістанның Солтүстік-Батыс аймақтарына басып кірді. Олар үлкен мемлекет құрды. Оның құрамына Шығыс Иран мен Солтүстік Үндістанның жартысы, Ауғанстан мен Орталық Азия кірді. Егер осы дәлелдердің барлығы ғылым әлемінде қабылданған болса, онда осы аталған халықтың шығу тегі туралы мәліметтер қызу талқыға түсуін жалғастырады.

Бір-біріне қарама-қайшы екі көзқарас бар. Бір ғалымдар эфталиттердің арғы атасы – түркілер деп Орталық Азиядан шығарса, екіншілері оған күмән келтіріп, олар Гиндукуш өңірінің аборигендері дейді. Және шығу тегі – ирандық деп айтады. Сонымен деректердің қайсысы дұрыс? Оны бағдарламада айтылған тарихи деректерден біле аласыздар.

Пікірлер