«Шолохов көктемі» халықаралық фестивалі

1985 жылдар бері жыл сайын Ресейдегі Ростов облысы Вешенская бекетінде Михаил Шолоховтың туған күніне арналған «Шолохов көктемі» атты бүкілресейлік әдеби-фольклорлық мереке өтеді. Іс-шара 1990 жылы халықаралық фестиваль мәртебесіне ие болған. Содан бері бұл сахнада Украина, Молдова, Болгария, Шығыс Еуропа, Италия, Франция, Австриядан жиналған шығармашылық ұжымдар өнер көрсеткен. Бұл жолы фестиваль көрермендері Қазақстанның ұлттық өнерімен алғаш танысады. Дон өзенінде ұлы дала әуендері шырқалып, «Салтанат» би ансамблінің өнері сахналанды.  

Пікірлер