Мемлекеттік қызметте қалай табысқа жетуге болады?

Дидар Смағұлов осыдан 1,5 жыл бұрын Астанаға Қарағандыдан ауысып келген. Ертеңінен үміт күттіретін мемлекеттік қызметкер. Ол өзінің еңбек жолын туған қаласында 2014 жылы бастаған. Содан бері мансап жолындағы баспалдақтың бәрін біртіндеп өтіп келеді. Бүгінде ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті директоры орынбасарының міндетін атқарып келеді. Дидардың пікірінше, мемлекеттік қызметте істей жүріп, аға-көкесіз өз күшіңмен үлкен табысқа жетуге болатынын айтады.

Бұл шығарылымда, сондай-ақ сіз ерекше талант иесі, пианист Саида Қалықованың «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қалайша жеңімпаз атанғанын біле аласыздар.

Пікірлер