III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты. Толық нұсқа

Оған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құрметті қонақ ретінде қатысты​. 

Ыстықкөл жағасында ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойыны ресми түрде ашылды. Оған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құрметті қонақ ретінде қатысты​. 

Биыл күллі әлем көз тіккен іс-шараға 80 мемлекеттен 2 мыңнан аса спортшы қатысады.​ Олар 37 этноспорт түрі бойынша сынға түседі. Спортшылар 174 алтын, 173 күміс, 247 қола медальді сынға салады. Ойындардың жалпы қоры – 28 миллион сомға жуық.  

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2 жылда бір рет өткізіледі. Биыл Қырғызстан билігі ережені өзгертіп, көшпенділер ойындарын өз жерінде ғана емес, эстафетамен өткізуді ұйғарды. Келесі ойындар 2020 жылы Түркияда өтетін болды.​

Пікірлер