Венчурлік қаржыландыру жүйесі

Олжас – венчурлік инвестор, ол компанияның дамуын, жұмыс істеу қарқынын шеттен бақылап отырған жоқ, кез келген шешім қабылдауға тікелей араласып, өркендеуіне атсалысып отыр. Жеке өзі Қазақстанның  IT саласына қомақты қаржы салған. Іскер азаматтың айтуынша, қазір компанияның үлесін жақсы бағаға сатып алуға мүмкіндік бар.

Олжастың негізгі қызметі Сингапурде құрылған венчурлік қорға басшылық етумен байланысты. Бұл қор америкалық Кремний алқабына қатысты жақсы жобалардың жүзеге асуына бірлесіп қаражат салуға мүмкіндік береді. 

Ал Қазақстанда венчурлық  инвестициялау әлі даму үстінде. Бірақ, бұл бағытта негізгі қадам жасалды – Елбасы венчурлық қаржыландыру туралы құжатқа қол қойды. Бұл заң елімізде венчурлық қызметті жүзеге асыру үшін инфрақұрылымды құруға негіз болады.

Бұл, әрине тым аз. Бірақ, қабылданған заң осы қызметтің дамуын ынталандырады деген сенім бар. Сонымен қатар , венчурлық қаржыландырудың дамуына  ықпал ететін тағы бір фактор - IT  жобаларды жасауға мүмкіндік беретін «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы. Демек ,жаңа бастамалардың  жүзеге асуына мемлекеттің өзі де мүдделі. Сондай-ақ Венчурлік қаржыландыру жүйесінің жұмысы, оның заманауи индустриядағы орны туралы толығырақ бағдарламадан біле аласыздар.

Пікірлер