«Жамбы атудан» шеберлік сабағын өткізген қазақ қызы

Дәлдік, мергендік және байсалдылық. Ата-бабаларымыздың жауынгерлік өнерінің бірі – садақ ату. Сақ және түркі жауынгерлері тарихта мерген халық болғандығы айтылады. Олар оң және сол қолмен де садақ ата алған, яғни садақты екі қолда да ұстап, оқты бірнеше жаққа атқан.

Жамбы ату – қазақ халқында кең тараған мергендік сынының түрі. XVIII ғасырға дейін дала халықтарында «жамбы ату» сайысының жасөспірімдер үшін міндетті болғаны белгілі.  Ойын ерекшелігі – атпен шауып келе жатқан жігіттер екпінін бәсеңдетпестен көзделген нысананы атып құлатулары тиіс. Жамбы сайысының сыйлығы – күміс құйма болған, ал кейбір деректерлерде тіпті ойынды ұйымдастырушы қожайынның қызына үйлену мәртебесі де берілген көрінеді. Алайда «жамбы ату» тек жігіттердің ғана емес, нәзік жанды ару қыздардың да қолынан келетінін Әлия Қамалова дәлелдемек. «Жамбы атудан» бірнеше дүркін чемпионы атанған ару көшпенділердің көне өнері жайлы айтып беріп қана қоймай, садақ атудан шеберлік сабағын бағдарлама барысында өткізбек.

Пікірлер