Қазақтың кәжекейін брендке айналдырған дизайнер қыздар

Бүгінгі таңда Қазақстанда 1600-ге жуық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорыны тіркелген. Бірақ, олардың бәрі бірдей жұмыс істеп тұрған жоқ, небәрі  967-і ғана өндірісті тоқтатпаған.  Сарапшылардың айтуынша, соның салдарынан ішкі нарық ақсап тұр. Отандық өндірушілердің нарықтағы үлесі 10 пайыздан аспайды. 

Ал тігін цехын ашып, кәсібін дөңгелетіп отырған Лейла мен Әсел есімді құрбылар осыдан 5 жыл бұрын ортақ іспен айналысу туралы шешім қабылдайды. Қазақстандық сәнді брендке тез арада елімізден ғана емес, тіпті шетелден тұтынушылар да  табылды. Тіпті олар АҚШ-та, Прагада, Вашингтонда , Пекинде және Дубайда өткен сәнді көрсетілімдерге қатысып қатысқан.

Алғашында тек заманға сай кәжекей тігіп, оны брендке айналдырған қос ару, қазірде сол үрдісті сақтай отырып, эксклюзивті киімдер тігуді қолға алған. Табиғи  тастар және моншақтармен  әшекейленген  сәнді киімдер  тұтынушылардың ойынан шығып та үлгерді. Жас кәсіпкерлер сапалы матадан тігілген, отандық сәнді киімдер тұтынушылар үшін қолжетімді екенін айтады.

Пікірлер