III Дүниежүзілік көшпенділер ойынының қорытындысы

Көшпенділер ойынын өткізуді алғаш рет Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 2011 жылы ұсынған еді. Содан кейін араға 3 жыл салып алғашқы сайыс өткізілді. Оған 18 елден 300-ге жуық спортшы келді. Ал биылғы бәсекеге 3 мыңға жуық спортшы жиналды.

Көшпенділер ойыны – Қырғызстанның ең ауқымды имидждік жобасы. Спорттық мерекені ұйымдастыруға ел үкіметі 300 миллион сом жұмсады. Ал жалпы жүлде қоры – 28 миллион сом, бізді4 теңгемен шаққанда 150 миллион теңге.

Ойынның жабылу салтанатына билеттер бір ай бұрын сатылып кеткен. Ипподромда ине шаншар жер жоқ. Жабылу салтанады ашылу салтанаты секілді керемет өтті. Тек театрландырылған қойылымдар азырақ болды. Есесіне шоу, музыка мен би көп.  

Ойынның абыроймен өткеніне әрине, ең бірінші қырғызстандықтар риза. Осы халықаралық сайысты қанша күтті. Сәтті өтті. Мыңдаған туристер мен спортшыларды күтті. Ойынның жабылу салтанатында келесі Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу үшін эстафета Түркияға берілді.

Сіздер үшін осы сайыста Марат Тоқмағамбет, Сабина Сексембаева, Есбол Әлімжанов пен Әнуар Шәймерденовтен құралған шығармашылық топ жұмыс істеді. Келесі жүздескенше!

Пікірлер