Тоғызқұмақ – көшпенділер алгебрасы

Тоғызқұмалақ яғни, аты айтып тұрғандай тоғыз құмалақтан тұратын ойын. Ежелде малшылар бұл ойынды қойдың құмалағымен ойнаған деген болжам бар. Кей деректерде тоғызқұмалақтың құмалағын ағаш пен тастан жасағаны айтылды. Бүгінде бұл ойын Қазақстан мен Қырғызстанда танымал. Қырғыздар «тогыз коргоол» деп атайды.  

Сайыста тағы бір интеллектуалдық ойын оваридан бәсеке өтті. Бұл ойын Африкадан шыққан. Ал Ганада жауынгерлер соғысқа шықпай тұрып өз реакцияларын тексеру үшін осы ойынды ойнаған. Ойында өсімдіктің тұқымы қолданады.

Самбо күресінің атауы «өзін қорғау» деген сөзден шыққан. Бұл спорт Кеңес Одағы кезінде таныла бастады. Біздің жігіттер барлық салмақ дәрежесінде медальға қол жеткізді.

Тайган жарышан қазақстандықтарға медаль бұйырмады. Дегенмен, жарыс өте тартысты өтті. Ойынның шарты бойынша иттер 350 метр қашықтықты бірінші болып жүгіріп өту керек. Басқа жаққа жүгіріп кетпеу үшін итбегілер түлкінің терісін жіпке байлап, алдында шауып отырады.  Тайгандар табиғатынан жыртқыш аулағыш болып келеді. Көз алдындағы аңынан өзгені көрмейді. Өте жүйрік. 350 метерді бас-аяғы 20 секунда жүгіріп өтеді.

Көшпенділер ойынының ең тартысты сайыстары мен қызықты сәттерін бағдарламаның осы шығарылымынан көре аласыздар.

Пікірлер