Садақ ату – мергендік өнер

Біз Көшпенділер ойынында ең мықты қатысушыларды таныстыруды жалғастырамыз. Олардың бірі дәрігер, бірі мұғалім, енді бірі кеңсе қызметкері. Ал сайыста олардың бірі шабандозға, жауынгер, бірі садақшы немесе палуанға айналады. Көшпенділер ойыны – тек қана спорт емес. Бұл –нағыз ерлердің шынығатын, өздерін танытатын ортасы.

Садақ ату кезінде көшпенділер үшін күнкөріс қамы болса, қазір бұл басы бүтін спорт. Садақпен атудың заманауи түрі олимпиадалық спорт түрі. Көшпенділер ойынында спортшылар кезінде ата-бабамыз қолданған садақтармен атты.

Көптің қызығушылығын тудырған тағы бір спорт түрі – ордо. Ордо – көшпенділердің ежелгі ойыны. Біздіңше «асық ату». Негізгі атрибуты – аша тұяқты малдың артқы асықтары. Көбінесе қойдың асықтарын пайдаланады. Ордодан біздің жігіттер үшінші орынға шықты. Алтын медаль Қырғызстан командасында.

Пікірлер