«Көкпар» неліктен көшпенділердің ең танымал ойынына жатады?

Біздегі «Көкпар» жарысын қырғыздар «көк бөрі» деп атайды. Аты өзге болғанмен, заты бір. Ережелерінде еш айырмашылық жоқ. Мұнда күш, ептілік пен төзімділік сынға түседі. Көкпар дегенде Европада танымал болып келе жатқан хорсбол ойыны еске түседі. Бірақ көкпарда спортшылар қатты қақтығысады. Доптың орнына жаңа сойылған серкешпен ойнайды.

Көпар 20 минуттық үш таймнан тұрады. Бір командада он ойыншы. Серкеш ортаға түскенде бір мезетте төрт жігіт көкпар тартуға таласады. Серкешті жерден көтеріп жатқан кезде шабуыл жасауға, қарсыласты қамшымен сабауға болмайды. Көпардың негізгі қатаң ережесі осы. Қай команда қазандыққа көп салым салады, сол команда жеңеді.

Шолпан Атаға 12 команда келді. Көш басында Қазақстан мен Қырғызстан.  Көптеген жанкүйерлер бауырлас екі елдің командасын финалда көреміз деп күткен. Алайда финал ел күткендей тартысты болмады. Қырғызстанның жігіттерінің шебер екені бүкіл ойында көрініп тұрды. Сондықтан бірінші орын қырғыз ағайынға, екінші орын өзбек ағайынға бұйырса, Қазақстан құрамасы қола жүлдені қанағат тұтты.

Көкпар сайысына жиналған жанкүйерлердің санында есеп жоқ. Тек жергілікті тұрғындар ғана емес, көкпар көруге арнайы Шолпан Атаға келген шетелдік туристер де көп. Көпар тартуға Франция құрамасы алғаш рет қатысып отыр. Ойыншыларының тәжірибесі болмаса да жеңіс үшін қарсыластарына қарсы аянып қалған жоқ.

Биылғы сайыс көкпардың тек Орталық Азияға ғана емес, әлемге танылып жатқанын көрсетті. Өйткені АҚШ та көкпар федерациясының ашылып, жаңа команданың жасақталғанының өзі көшпенділердің ұрпақтары үшін кішігірім жеңіс.

Пікірлер