Қазақстан құрамасы неліктен «Көкпар» ойнаудан бас тартты?

«Көкпар» сайысы – көшпенділер ойынының негізгісі, оны көкпар қызықтап келген көпшіліктің қошеметінен де аңғаруға болады. «Көкпар» қырғыздарда Кок Бору деп аталады. Атауы басқа болғанмен, ережесі бір.

Моңғолия құрамасы Қырғызстан құрамасынан бірінші турда 5:29 есебімен жеңілді. Алтай командасына қарсы ойында Жанарбек Серіктің салымы моңғолдарға жеңіс әкелді. Қорытынды есеп 1:0.

Одан кейін ортаға АҚШ-тың көпаршылары шықты. Қарсыластары Краснояр құрамасы. Екі команда да Қазақстанмен бірге бір топта. АҚШ командасының аттары келіскенмен баптары келіспеді. 18:3 есебімен АҚШ құрамасы үздіктер қатарына кіру мүмкіндігінен айырылды. 

Соңғы ойында Башқұртстан құрамасы 2:0 есебімен Франция командасын жеңді. Алдағы уақытта бірінші тур құрамында болмаған Қазақстан құрамасы да ортаға шығады. Команда мүшелері көшпенділер ойындарына қатысатындарын растады.

Мас рестлингте бастысы тепе-теңдікті ұстау шарт. Ал қарсыласын керсінше, тартып шығару керек. Аяқты тақтайға мықтап тіреп отыру да маңызды. Спортшылар мұны «тақтайда жүгіру» деп те атайды. Кеудемен және қолмен дұрыс жұмыс істеу керек.

Қазақстандық рестлерлер 1 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды.

Қазақ күресі – Дүниежүзілік көшпенділер ойынының негізгі спорт түрі. Ережесі қарапайым: палуандар тік тұрып күреседі, бастысы – қарсыласын шалқасынан жығу керек. Қазақстандықтар үздіктер қатарында. Алайда жыл сайын мықты бәсекелестер көбейіп келеді.

 

Пікірлер