III Дүниежүзілік көшпенділер ойынының ашылу салтанаты қалай өтті?

Биыл Дүниежүзілік көшпенділер ойынына 50-ден астам мелмекеттен 3 мың спортшы келген. Ең көп делегация Қырғызстан тарапынан келген – 458 адам. Одан кейін Ресей, одан соң Қазақстан. Ал 2016 жылы еліміздің атынан бар-жоғы 75 атлет қатысқан болатын. Соған қарамастан Қазақстан командасы осы уақытқа дейін жалпы командалық есепте үздік үштіктің қатарынан түскен емес. Қырғызстан командасы да жеңісте берген емес.  

Ойынды БҰҰ мойындап, ЮНЕСКО-ның қолдауымен өткізіліп келеді. Қазіргі таңда бұл спорт түрі танымал бренд. Биыл Қырғыз елінде 500 шетелдік және жергілікті 200 журналист жұмыс істеді. Бұл дегеніңіз көшпенділердің ойыны көпшілікке қызық деген сөз.

Ойынның ресми ашылуы естен кетпестей қылып ұйымдастырылған. Цирк әртістері, волентерлер, каскадерлер мен музыканттар. Ашылу салтанатына бақ сынауға келген спортшылардың өздері де қатысты. Олар чемпион атану үшін жан алысып, жан берісуге дайын. Ал, қонақтар бірнеше мемлекетті бір жерге тоғыстырған көшпенділер өркениетінің мерекесіне куә болмақ.

Пікірлер