Ханшатыр

Осыдан жарты ғасыр бұрын адамдардың жоғары технологиялық болашақ жайлы ойларын тек алдыңғы қатарлы ғылыми- журнал беттерінен ғана танысуға мүмкіндігіміз болған. Қалаларды сәулет өнерінің  үздігі етіп тұрғызумен қоса, өмірге қолайлы және экологиялық әрі инновациялық тұрғыда салу  қиял-ғажайыптай көрінетін. Бұл тұрғыда дүние жүзі сәулетшілері экология мен сән-салтанат деген екі түрлі  ұғымды қалай біріктіру керек? деген сұраққа жауапты көп іздеген болатын. Бүгінгі күні қоршаған ортаны қорғау жанашырлығынан туындаған жоғары технологиялар, керемет әрлеулер,  ішкі коммуникациялардың эргономикалығы мен  дизайнерлік ойлар ұшқырлығы  үйлескен,  бірінен бірі өткен әр түрлі нысандар  салынуда.  Осындай атақты сәулетші Норман Фостердің жауһарының бірегейі - Қазақстанның астанасында бой көтерген «Хан Шатыр»  сауда орталығы,  әлемдегі ең үздік экоғимараттарының ондығына кірді. Ол Гинесс рекордттар кітабына енген, төрткүл дүниедегі ең үлкен шатыр.

Пікірлер