Құрманғазы Қайруллаұлы

Бізге ерекше дарын иесі, суретші Құрманғазы Қайруллаұлының шеберханасында қонақ болып, оның қиял және шығармашылық әлеміне бойлау сәті бұйырды. Өзінің қайталанбас бұйымдарында ол ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын, өзінің дүниетанымы мен сұлулық сезімін бейнелейді.

Оның шығармашылық жұмыстары қолданбалы өнердегі ең жаңа ағым болып табылады. Құрманғазы табиғи материалдарды шебер үйлестіре біледі, мысалы теріні металмен, ағашпен және жануарлардың сүйектерімен. Дегенмен оның туындыларының ерекшелігі – оларды жасауда қазақ ұлттық дәстүрлерінің бір бөлігі болып табылатын қой сүйегін пайдаланатындығы.

Пікірлер