Қазақтың "Бергек" кигізу дәстүрі

Бүгінгі бағдарламамызды ұзатылатын қыздарға арнап тігілетін қазақтың ежелгі баскиімдеріне арнадық. Баскиім - халқымыз үшін өте қастерлі. Бұрыннан қалған салт бойынша, баскиімді жерге тастамайды. Кереге басына іліп қойған. Қазақ әйелдерінің баскиімдері жас айырмашылық пен әлеуметтік жағдайына байланысты бір-бірінен көп ерекшеленеді. Атаулары да алуантүрлі. Біз ұмыт болған, ең көне түрлерін ғана атадық. Мәселен, бергек, жырға, сәукеле, шілтер, бүркеніш, шылауыш - деген әйел бас киімдер болыпты.  

Пікірлер