Үлкен киноның тарихы

Алматы маңында орналасқан Қаскелең ауылының тұрғыны таңертең көшеге шығып, керемет көріністің куәсі болды. Әйел адам өзіне қарсы келе жатқан ең жоғары шіркеу қызметкері – патриархты байқайды. Мұндайды күтпеген келіншек бірден шоқынып, құдайға сыйына бастады. Сөйтіп, дін өкілін көзбен шығарып салып тұрған әйел,  оның артынан келе жатқан Иван Грозный патшаны көрген кезде, есінен танып құлайды... Байқұс әйел Қаскелең маңында кино түсіріліп жатқанын білмеген еді. 

Пікірлер