Қауіпсіз азық-түлік өнімін өндіру

Салқындатқыш сусындар, шырындар мен минералды сулар шығарумен айналысатын РАУАН компаниясының Оңтүстік Қазақстан нарығында пайда болғанына 20 жылға жуықтап қалды. 1998 жылы ол жұмысын жай ғана суды бөліп құятын цех ретінде бастаған. Алайда кәсіпкерлердің белсенділігі мен табандылығы арқасында компанияның Шымкент пен Сарыағашта бөлімшелері ашылған. Бүгінде сондай-ақ кәсіпорынға қарасты кірпіш зауыты мен балық шаруашылығы жұмыс істеп тұр. Осы ретте өндірісті дамытуға қажетті негізгі инвестиция тартуда мемлекеттік қаржы институттарының септігі тиген.

Пікірлер