Арман Сүлейменов

Бүгінгі бағдарламада:

КБТУ-дың бұл дәріс залы соңғы бір аптада IT орталығына айналған. Бұл жерде ең үздік идеялар туралы естіп, талантты жастарды көруге болады. Қазақстанның әр өңірінен қатаң сынақпен іріктеліп алынған олардың осалы жоқ. Бірі әлемдік олимпиаданың жүлдегері болса,  бірі шет елдік университетте білім алады. Бұл жастардың барлығының басын қосқан бір мақсат - әлемдік нарыққа арналған ұялы қосымшалар жасау.  Арман Сүлейменовтың бастамасымен  жүзеге асып жатқан бұл жоба биыл екінші рет талантты жастарды бір ортаға тоғыстырып отыр. 

Пікірлер