Жігіт сұлтаны

Жігіт сұлтаны

Жігіт сұлтаны

Жігіттердің қалғылары жоқ! Ең батыл, ең батыр, нағыз ержүректілер мен өнерлілер «Жігіт сұлтаны» бағдарламасында анықталмақ! 

Бағдарламаның әр саны белгілі бір кәсіп түріне арналған - ән жарысы, би жарысы, актерлік өнер, цирк өнері, мәнерлеп оқу, ұлттық қолөнер, күреске ептілік т.б. Әр байқау күнінен кейін үміткерлердің бірі шығарылып тұрады. Финалдық жарыста үздіктің «үздігі» атану үшін 6 адам сынға түседі. 6 шілде күні, марапаттау кеші өтіп, жеңімпазға автокөліктің кілті табысталады.  

Қазылар мүшелері – бағдарлама тақырыбына сай шақырылған белгілі кәсіптің майталмандары. Олар қатысушылардың өнерін бағалап, байқаудан кім шығатынын анықтайды. Өз білімі мен ақылына сүйеніп қатысушылар қосымша ұпай жинауларына мүмкіндіктері бар. Сұрақ өтілген байқаудың тақырыбына сай келеді. Мысалы, егер сайыс ән өнеріне байланысты болса, оларға қазақ халқының танымал әнші, музыканттары жайлы сұрақтар қойылады.

Шығармашылық топтың болжамынша, бағдарлама қазақстандық көрермендердің көп ауқымын қамтиды. Ұлттық бояу мен қайталанбас қызықты сценарий, танымал жүргізушілер мен жақсы жарнаманың арқасында жарыс түрінде келетін байқаудың рейтингісі жоғары болады деп күтілуде.

Соңғы бағдарламалар

No results found.