Бәрі есімде

Бәрі есімде

«Бәрі есімде» тележобасы жадымызда аңыз болып жүрген өнер иелері мен олардың туындылары және жеке өмірлеріне ілесе жүретін сырлы жұмбағын шешуге бағытталған.
Ел арасында әр түрлі сипатта тарап жүрген әңгімелердің шынайы тұстарын ашып, ақиқатын айту – бағдарламаның басты міндеттерінің бірі.
Тележоба бір әннің тарихы немесе бір фильмнің бізге беймәлім тұстарын зерделеп, халық ойында жүрген көлеңке сауалға жауап іздейді, санамызда сырын қалдырған көптеген өнер туындыларын жасаған таланттардың тағдыры туралы сырлы әңгіме қозғайды.
Тілі де жеңіл, бір мәселеге қатысты сан адамның сан қырлы көзқарасын беретін, журналистік зерделеуі басым бұл бағдарлама қалың көрерменге арналады. (Өйткені өнерге қызықпайтын жан кем де кем).

Шығармашылық топ:
Продюсер – Арман Нұрқалиев
Сценарий авторы – Сержан Закерұлы
Шеф-редакторы – Айгерім Әбдірахманова
Жүргізушілері – Жазира мен Жанболат
Журналистер – Кәмшат Әбілқызы
Мақпал Мадиярова
Гүлвира Биғалиева
Мөлдір Әзімханқызы
Толқын Болысбаева
Ерлан Әбдірұлы
Қоюшы режиссері – Жандос Құсайынов

Жүргізушілер туралы қысқаша мағлұмат:
Бағдарламаның жүргізушілері: Жанболат пен Жазира.
Ербатыров Жанболат Қожахметұлы. Эстрада әншісі.
1970 жылы Қызылорда облысы Арал қаласында дүниеге келген.
Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінің эстрада-вокал бөлімінде білім алған. Қазір мемлекеттік «Гүлдер» ансамблінің әншісі.
Байырбекова Жазира. Эстрада әншісі.
1978 жылы қыркүйектің 30-нда Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында дүниеге келген.
Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінің дәстүрлі ән бөлімінде батыс әндері мектебін тамамдаған. Қазір мемлекеттік «Гүлдер» ансамблінің әншісі.

Бағдарламаны дайындаған «Ел арна» телеарнасы.

Соңғы бағдарламалар

No results found.