Айбын

Айбын

«Айбын» әскери-патриоттық бағдарламасының  негізгі мақсаты - Қазақстан Қарулы күштерінің, мемлекеттік шекарашылары мен ішкі әскерлерінің әлеуетін паш ету. 

«Айбын» әскери-патриоттық бағдарламасы 2004 жылдың маусым айынан бастап «Хабар» телеарнасында көрсетіліп келеді. Бес жылдың ішінде эфирден қазақ тілінде 299 бағдарлама шыққан. Осы саланы таңдаған офицерлер мен Отан алдындағы әскери борышын атқарып жүрген сарбаздардың күнделікті тіршілігін, жауынгерлік дайындығын көрсету. Сол арқылы жас ұрпаққа патриоттық рух сыйлау.

Бағдарламаның айдарлары:
Бағдарламаның ашылуы мен жабылуы – жүргізуші жауынгерлердің жігеріне қамшы болып, рухын оятатын жігерлі, жалынды сөздермен бағдарламаны ашып, жабады. Сонымен қатар Отан, Отан қорғау туралы отты сөздерден қуат алған ата-ана баласын әскерге жіберуге, жастар әскерге баруға асық болуы керек.

«Сарбаздар сапында» - бағдарламаның басты айдары. Сапарлай барған жеріміздегі әскери бөлімдердің тыныс-тіршілігі, жауынгерлік дайындығы, Отанға ұрыстың қай түрімен қорған болары сөз болады.
«Айбынның анықтамасы» - жүрген-тұрған жерімізде жылдың озат шекарашысын, десантшысы мен мергенін, т.б. жолықтырамыз. Иісшілдігі мен алғырлығының арқасында бүтін бір өңірлік басқарманы өзіне қаратып отырған қызметтік иттер болады. Негізгі мақсатқа сай тек бір ғана бөлімнің жауынгерлік дайындығына сеп болатын қандай да бір қару түрін түсіреміз. Осы секілді ақпараттар «Айбынның анықтамасына» арқау болмақ. 

Айдар «Сарбаздар сапының» арасында екі рет беріледі. 

«Хат қоржын» - сарбаздың ата-анасы, ағайын-туғандары, дос-жарандары, құрбы-құрдастары оны туған күнімен немесе еліміздегі атаулы мерекелермен хат арқылы құттықтайды. Немесе, керісінше әскери міндетін өтеп жүрген жауынгердің өзі жақын-жұрағаттарына деген мерекелік лебізін «Хат қоржын» айдары арқылы жеткізіп жатады.
«Айттым сәлем...» - Отан алдындығы азаматтық борышын өтеп жүрген жауынгерлер «Хат қоржын» айдары арқылы ата-ана, ағайын-туыстарына сәлем жолдайды. 
«Қысқа-нұсқа» - бұл айдарда көрермендеріміз Қарулы Күштерімізде күнделікті болып жатқан оң пиғылды жаңалықтардан хабардар болып отырады.
«Жауынгер» - өмірін Отан қорғау саласына арнаған жауынгердің бір күні туралы. Яғни, «Сарбаздар сапында» айдарында Қарулы күштеріміз үшін бір ғана әскери бөлімнің маңызы қандай боларын баяндасақ, «Жауынгер» айдарында сол бөлімдегі әлдебір офицердің сарбаздарды ел қорғау ісіне баулудағы еңбегі, Отанның тыныштығымен қоса, отбасының берекесі жолындағы азаматтық парызы сөз болады. 
«Алаштың айбынды азаматы» - қазақ елі ел болып қанат жайғаннан қазіргі күнге дейін ел мен жерге қорған болу дейтін парызды жеріне жеткере атқарған қолбасшылар мен генералдар өмірі, олардың қиыннан айла тапқан қандайда бір тың тактикасы қысқаша баяндалады. 
«Ер қаруы-бес қару» айдары - көшпенді бабаларымыздың беліне байланған бес қаруын, сауыт-сайманын шетінен талдап көрсету. Мақсат – бұл күнде қару-жарақ атаулыны сырттан алып отырмыз, жауынгерлеріміздің киім-кешегі де көршілердің көшірмесі десек те, ел қорғау – бабадан қалған ұлы мұрат екенін айшықтау. 
«Жұлдызды күн» - әнші немесе басқа да танымал азаматтар бір күнін әскерде өткізеді. Мақсат - Отанды қорғау оның әр бір азаматының қасиетті борышы деген идеяны жұртшылыққа жеткізу.

Жетістіктері:
ҚР Қорғаныс министрлігінің, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің көптеген марапаттарына ие болған.

Ұзақтығы: 30 минут.
Таралу тілі: қазақ

Шығармашылық топ:
Продюсері – Серік Абас-шах.
Режиссері – Аят Марқабаев.
Режиссердің ассистенті – Ержан Алдажар.
Жүргізушісі – Айгерім Қалаубаева.
Жүргізуші-редакторы – Нұрлан Хавдай.
Редакторы – Мәулен Алғазы.
Дыбыс режиссері – Арман Дүйсенов

Соңғы бағдарламалар

No results found.