I'm a human

I'm a human

"I'm a Human" атты әлеуметтік бағыттағы деректі бағдарламада өмірдің ауыртпалығына төзімдікпен төтеп беріп, ерік-жігерімен еңсе тіктеген адамдар турасында айтылады. Әр күні күреспен, табандылықпен өтетін олар адамшылық,  ізгіліктен бір сәт ада қалған емес. Адамның адамы дейтін ұғымға, құрметке лайық жандар бағдарламаның кейіпкеріне айналады. Олар сахнаның жұлдыздары емес, көгілдір экраннан түспейтін әртістер емес, қарапайым ғұмыр кешіп, адамгершілік пен арды арқалап жүрген абзал жандар. Мүмкіндігі шектеулі болса да,  жауапкершілік пен ауыртпалықты қатар ала жүріп, өзінің жаны қиналса да, өзгеге жақсылық жасайтындардың ізгі ісі ұмытылмайды. ​

Соңғы бағдарламалар