Ethnosport

Ethnosport

Бұл жобаның ерекшелігі - бағдарлама жүргізушісі қазіргі жағдайда көшпенділердің өмір сүру дағдысына бейімделеді. Сан түрлі ат спорты бойынша тұлпарды ерттеп мініп теңге алу, қыз қуу секілді сайыстарына қатысады. Жанына құмай тазы ертіп, аңға шығады. Бүркітті көкке қалықтатып түлкі, қоянға салады. Көкпарда серкені тақымына басып, көшпенділердің төзімділігі мен ептілігіне және жігеріне көз жеткізеді. Бұл бағдарламаға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және де өзге де Орта Азиядағы елдердің өкілдері сарапшы ретінде қатысады.

Соңғы бағдарламалар