Пайдалы сілтемелер

Визаны рәсімдеу

Қазақстан Республикасының визасын алу ережесі туралы. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасы аумағына келу үшін, егер өзге тәртіп ҚР халықаралық шартпен белгіленбеген болса, виза қажет. ҚР визасы төлқұжатқа немесе ҚР танылатын өзге, жеке басты куәландыратын құжатқа жапсырылады және келу үшін жарамды, сонымен бірге ҚР келу және болу, сондай-ақ одан кету немесе ҚР аумағын транзитпен өту үшін жарамды болады.

Шетелдіктерге арналған ереже

Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келу және тұру, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кету ережесі.  Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Халықтың көші - қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасында шетел азаматтарының құқықтық қалпы туралы» Заң күшіне ие Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 Жарлығына сәйкес әзірленді.

Шетел журналистерін аккредитациялау

Ақпаратты тарату саласында халықаралық ынтымақтастық жүйесіне сәйкес және әлемдік қоғамдастықты Қазақстан Республикасының ішкі және халықаралық өмірі туралы кеңінен ақпараттандыру мақсатында республика аумағында Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі жанында тұрақты немесе уақытша аккредиттелген, оның ішінде республиканың өзге органдары мен ұйымдары желісі бойынша келетін шет мемлекеттердің бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілерінің (журналистерінің) қызметі жүзеге асырылады.

Анықтамалық ақпарат

Алматы және Астана қалалары мекемелерінің  анықтама және шұғыл қызмет  телефондары, Қазақстан қалаларының кодтары 

Пайдалы сілтемелер

Орталық органдардың Web өкілдіктері
Облыстар мен қала әкімдіктерінің Web өкілдіктері
Алматы қаласының атқару органдарының Wеб-өкілдіктері