Әкімшілік бөлімі

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық жүйесі 14 облыс, республикалық маңызы бар 2 қала, 175 әкімшілік аудан, 84 қала, 35 кент және 7031 ауылдық елді мекендерден тұрады.

Республиканың батысында Ақтөбе, Атырау, Батыс-Қазақстан және Маңғыстау облыстары орналасқан. Солтүстігінде – Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары. Оңтүстігінде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстары бар. Шығыста – Шығыс Қазақстан облысы. Республика аумағының орталық бөлігін ең ірі облыстардың бірі – Қарағанды облысы алып жатыр.

Астана қаласы 
Қазақстан Республикасының астанасы 
Жер көлемі: 252 мың км² 
Тұрғындары: 705 897 адам

Алматы қаласы
Қазақстанның ең ірі қаласы 
Жер көлемі: 325 мың км² 
Тұрғындары: 1 419 645 адам

Ақмола облысы
Әкімшілік орталығы: Көкшетау қ. 
Жер көлемі: 146,2 мың км² 
Тұрғындары: 737 057 адам

Ақтөбе облысы
Әкімшілік орталығы: Ақтөбе қ.
Жер көлемі: 300,6 мың км²
Тұрғындары: 722 851 адам

Алматы облысы
Әкімшілік орталығы : Талдықорған қ. 
Жер көлемі: 223,9 мың км² 
Тұрғындары: 1 707 331 адам

Атырау облысы
Әкімшілік орталығы: Атырау қ. 
Жер көлемі: 118,6 мың км² 
Тұрғындары: 518 869 адам

Шығыс Қазақстан облысы
Әкімшілік орталығы: Өскемен қ. 
Жер көлемі : 283,3 мың км² 
Тұрғындары: 1 419 47 адам

Жамбыл облысы
Әкімшілік орталығы: Тараз қ. 
Жер көлемі : 144,2 мың км² 
Тұрғындары: 1 049 837 адам

Батыс Қазақстан облысы
Әкімшілік орталығы: Орал қ. 
Жер көлемі: 151,3 мың км² 
Тұрғындары : 626 801 адам

Қарағанды облысы
Әкімшілік орталығы: Қарағанды қ. 
Жер көлемі: 428,0 мың км² 
Тұрғындары: 1 354 603 адам

Қостанай облысы
Әкімшілік орталығы: Қостанай қ. 
Жер көлемі : 196,0 мың км² 
Тұрғындары : 885 521 адам

Қызылорда облысы
Әкімшілік орталығы: Қызылорда қ. 
Жер көлемі : 226,0 мың км² 
Тұрғындары : 696 163 адам

Маңғыстау облысы
Әкімшілік орталығы: Ақтау қ. 
Жер көлемі : 166,0 мың км² 
Тұрғындары: 456 068 адам

Павлодар облысы
Әкімшілік орталығы: Павлодар қ. 
Жер көлемі : 124,8 мың км² 
Тұрғындары: 751 705 адам

Солтүстік Қазақстан облысы
Әкімшілік орталығы: Петропавл қ. 
Жер көлемі : 123,2 мың км² 
Тұрғындары: 641 729 адам

Оңтүстік Қазақстан облысы
Әкімшілік орталығы: Шымкент қ. 
Жер көлемі: 117,3 мың км² 
Тұрғындары: 2 455 3611 адам