РДО зертханасының ISO халықаралық сапа стандартына сай екендігі дәлелденді

РДО зертханасының ISO халықаралық сапа стандартына сай екендігі дәлелденді

Республикалық диагностикалық орталық зертханасының «ISO»  халықаралық сапа стандартына сай екендігі дәлелденді. Бұл туралы бүгін ESYD аккредиттеу департаментінің директоры  Юаннис Ситарас (Ioannis Sitaras) мәлім етті. Халықаралық сапа стандарты - зертхана үшін ең жоғарғы баға. Германия, АҚШ елдерінің заманауи қондырғыларымен жабдықталған орталықта жылына 1 млн-ға жуық, 600 түрлі зерттеу жүргізіледі. Зертхананың толық автоматтандырылуы –  жедел түрде сапасы өте жоғары сараптама нәтижелерін  алуға мүмкіндік береді. Ал, зерттеу қорытындылары - диагноз қоюда және ем тағайындауда маңызды.

 

Қамалжан НАДЫРОВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл халықаралық тұрғыдан мойындалған стандарт түрі. Біздің орталық республика бойынша алғашқылардың бірі болып аккредиттеуден өтті. Шетел сарапшылары 2 жыл көлемінде тексеру жұмыстарын   жүргізіп, зертханамыздың халықаралық талапқа сай екендігіне көз жеткізді.

 

 

 

Фото: www.medico-intech.kz