USAID Орталық Азиядағы бизнесті қолдап отыр

USAID Орталық Азиядағы бизнесті қолдап отыр

АҚШтың халықаралық даму жөніндегі USAID агенттігі алдағы 5 жылдың ішінде Орталық Азиядағы жобаларға $300 млн. бөлуді жоспарлап отыр. Жобаның негізгі мақсаты, аймақтағы сауданы дамытып, экономиканы әртараптандыру болып табылады. Басқа да шаралар шет қалып отырған жоқ.

 

Дэвид БРАУН, USAID ОА МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ АЙМАҚТЫҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫСЫ:

 

Аймақта біздің негізгі қаржымыз Тәжікстанға кетіп жатыр, себебі мемлекетке біздің көмек пен қолау қажет. Осы уақыт аралығында Қазақстанның маңызы қалайша өзгергендігін атап өткім келіп отыр. Қазақстан қаржыны алып отырған мемлекеттен, оны беретін елге айналды. Біз жүзеге асырып отырған жобаларда Қазақстан біздің әріптес қызметін арқарып отыр.

 

Айта кететін жайт, ұйымның бастамасымен аймақта қуат пен суды үнемді пайдалану жобалары жақсы жүзеге асырылып жатыр. Қазақстан аймақта негізгі міндеттерді атқарып отыр. Мемлекет ДСҰ-ымына мүше атану арқылы халықаралық инвестициялар нарығында қаржыны емін еркін алып отыруға мүмкіндік алды. Бұл кейін елдің экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, экономиканың өзге де салалары дамитын болады.

 

Дэвид БРАУН, USAID ОА МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ АЙМАҚТЫҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫСЫ:

 

USAID ШОБ саласының дамуын қолдап отыр. Елде бизнес пен сауданың дамуына қатысты заң жобасы жетілдіріліп келеді. Бұл іскерлік коммерциялық бизнес-ақпараттарына қолжетімділікті арттырады. Үкіметпен бірігіп, біз елдегі макроэкономикалық тұрақтылық пен қуатты үнемдеу мәселесіне көп мән беріп отырмыз. Сондай-ақ, Жаңа жібек жолы бастамасы жүзеге асырылып келеді.

 

Қазанның 28-інде Алматы қаласында Орталық-Азия мемлекеттерінің 5-ші сауда форумы өтеді. Сарапшылар, аталған алаңда тек қана өзекті мәселелерді талқылап қоймай, келісім шарттарға қол қоюға мүмкіндіктің барын айтады. Соңғы 4 жылда USAID-тың ұйымдастыруымен өткен B2B кездесулерінде құны $28 млн. болатын келісім шарттарға қол қойылды. Сондай-ақ, құны $300 млн. болатын әріптестік меморандумдарына да қол қойылған. 

 

Сурет: www.ntv.ru


×