Түрік басылымы Қазақстанның антиядролық бастамалары туралы мақала жариялады

Түрік басылымы Қазақстанның антиядролық бастамалары туралы мақала жариялады

Түркиялық «Өнже Ватан» газеті Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитіне арнап, көлемді мақала жариялады. Онда алқалы жиында сөз алған әлем көшбасшыларының баяндамаларынан үзінді келтіріліп, қабылданған ортақ қарар жарыққа шығарылды. Әсіресе, басылым Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыз әлем құруда көтерген маңызды бастамаларына тоқталып, 25 жылдың аясында Қазақ елінің халықаралық қауымдастыққа қосқан үлесін кеңінен саралаған. Күн сайын 20 мың тиражбен жарық көретін, ғаламторда 80 мың тұрақты оқырманы бар республикалық басылым 2010 жылы Елбасыны Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынған болатын.

 

Кемал САЛЛЫ, «ӨНЖЕ ВАТАН» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ:

 

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ ел ішіндегі ядролық жаппай қырып-жою қаруынан бас тартып, дүниежүзіне өзін бейбітсүйгіш, диалогқа ашық, көреген саясаткер ретінде таныта білді. Содан бері бүкіл халықаралық қауымдастық оның ғаламдық қауіпсіздік үшін жасаған батыл қадамын үлгі тұтып, көтерген бастамаларына қолдау білдіріп келеді. Назарбаевтың тың идеясы тек бір ұлттың не аймақтың ғана мүддесін көксемейді, бүкіл адамзат қоғамы үшін үлкен мәнге ие.

 

Сурет: mygazeta.com


×