Оралдық шеберлер домбыраның табиғи қоңыр үнін тапты

Оралдық шеберлер домбыраның табиғи қоңыр үнін тапты

«Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра». Оралдық домбыра жасаушы шеберлер Бақтыгерей Сүлейменов пен Асылан Серікбаев жылдар бойы ұлттық аспабымыздың табиғи қоңыр үнін іздеп келеді.

 

Бақтыгерей СҮЛЕЙМЕНОВ,  ШЕБЕР:

 

Ол саз аспабы болғаннан кейін үн шығу керек қой. Кәдімгі қазақи, қоңыр, домбыраның өзіне тән баяғыдан келе жатқан, соны іздейсің. Қанша шебер болсаң да, өмір бақи соны іздеп өтесің. Ол мына ағаштардың белгілі бір кептіру дәрежесі, соын қалыңдығын ұстау дәрежесі сәйкес келуі керек. Сол сәйкес келген жағдайда сәтті шығады.

 

Кейіпкеріміз кезінде консерватория шеберханасында тәжірибесін шыңдапты. Кейін өзі де ұсталыққа біржола бет бұрып, білгені мен түйгенін шәкірттеріне үйретті. Солардың бірі - жас ұстаз Асылан Серікбаев колледжде дәріс береді. Қолынан қашауы түспейтін оны күмбірлеген қоңыр үнді қайтсем табамын деген ой жиі мазалайды.

 

Асылан СЕРІКБАЕВ, ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ САЗ КОЛЛЕДЖІНІҢ СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ЖӘНЕ ДИЗАЙН БӨЛІМІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

 

Лескадан гөрі, қойдың шегінен арнайы жасалған ішек, кішкеңе бір жабайылық үні болады. Табиғилығы жақсы. Сосын ескі таспалардағы, бұрынғы мысалы, Дина шешеміздің тартқан күйлері, сондай дыбыстарды іздейміз ғой, кішкеңе соған ұқсас болса да...

 

Жақсы домбыра жасау үшін ең алдымен сапалы ағаш керек. Мәселен, Ресей аумағындағы  Орал тауларының баурайында өсетін биік шыршалардың жөні бөлек. Бірақ, ол қолға түсе бермейді, дейді шеберлер.  Әзірге олар түрлі саз аспаптарын негізінен шәмшат ағашынан жасап жүр.

 

Сурет: almaty.all.biz