2015 жылдың 10 наурызында қоғамдық келісім және этносаралық  төзімділік  үлгісінің қазақстандық негізіне  айналған, халық  өкілдігінің ерекше институты – Қазақстан халықтары Ассамблеясына 20 жыл толады. Қазақстан халықтарының Ассамблеясын құру идеясын тұңғыш рет 1992 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған, Қазақстан халықтарының Форумында айтты.

ҚХА-ның негізгі мақсаты – ҚР-да қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және этникааралық қатынастар аясындағы азаматтық және мемлекеттік институттардың тиімді  әрекеттестігін дамыту болып табылады. Ассамблея ҚР Парламент Мәжілісіне  еліміздегі барлық этностардың мүддесін көздейтін тоғыз депутатты сайлау құқығына ие.