Қазақ мемлекеттілігінің тарихы, өз бастауын 1465 жылы құрылған  қазақ хындығынан алады.  Қазақстандық тарихшы-ғалымдар Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» еңбегі негізіне сүйене, Керей және Жәнібек хандардың 1465 жылы құрған хандығы, еуразия құрлығында дербес субъект болған деген тұжырым айтады.

"Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім, ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн, – деп баса айтты Назарбаев.

Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу жастар санасында отан сүйгіштікті оятып, олардың тәрбиесіне ерекше ықпал етеді. Қазақ хандығының 550 жылдығы – бұл қазақстандық жастар үшін сабақтастықтың бейнесі, ол дегеніміз, қазіргі жастар туған елінің салты мен дәстүрін, ғасырлап жиған өнеге-білімін келер ұрпаққа  сақтап, жеткізуге міндетті.

ҚР спорт және мәдениет Министрлігі ұйымдастырған, мейрейтойды мерекелеу іс-шарасының жоспарына сәйкес, 2015 жылдың басынан-ақ  Қазақ хандығы тарихын зерттеу жобалары басталады, соның тішінде  қазақ мемлекеттілігі жайлы түпнұсқалық ақпараттар көзін табу мақсатында Өзбекстан, Египет, Иран, Қытай, Түрік, Ресей, Батыс Еуропа   орталық ғылыми-зерттеу мұражайлары мен  мемлекеттік мұрағаттарынан іздестіру жұмыстары жүргізілетін болады.  Отаншылдық бейнероликтер, ғылыми-мәлім, ғылыми-танымдық бағдарламалар мен деректі фильмдерді жасау жоспарлануда. Бұлардан басқа, ғылыми-әдістемелік конференциялар, отан сүйгіштік акциялар, интеллектуалды ойындар мен олимпиадалар, фестивальдер, Қазақ хандығы жайлы тарих бойынша көрмелер өткізіледі, және шараның соңы қыркүйектің аяқ шенінде Шу және Талас өзендері аралығында театрландырылған көріністермен жабылады.