ТМД елдері ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде күш біріктіруде

ТМД елдері ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде күш біріктіруде. Осыны көздейтін құжат ҚР Парламентінің Сенатында мақұлданды. Ол қатысушы елдер арасындағы трансшекаралық ақпарат алмасу барысында мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу, ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін талдау және бағалау секілді іс-қимылды реттейді.

БЕЙБІТ АТАМҚҰЛОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ:

 - Бұл келісім өзара ақпаратпен, деректермен алмасуға мүмкіндік бермек. Бүгінде бүкіл әлем цифрлық жүйеге көшіп жатыр. Қағазда жазылған деректер цифрлық бағдарламаларға негізделуде. Келісімге Армения, Беларусь, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдері қол қойды.

Атап өтерлігі, бұл құжатты Беларусь, Ресей, Тәжікстан елдері 2015 жылдың маусымында мақұлдады. Ал Қырғызстанда аталмыш құжат осы жылдың сәуірінде күшіне енбек.