Өзбекстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үшін нақты қадамдар жасап жүр - Kazakh TV

Өзбекстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үшін нақты қадамдар жасап жүр. Барлық заңнамалық құжат халықаралық талаптарға сәйкестендіріледі. Бұған дейін тек бақылаушы болып келген мемлекет осылайша  ұйымның белсенді мүшесі болуды көздеп отыр. Қай мемлекет болмасын экономикалық мүмкіндіктері әлемдік жүйенің ажырамас бір бөлігіне айналғанда ғана сол елдің  әлеуеті артады, дейді экономика ғылымдарының докторы Бахтиёр Исламов. Дүние жүзінің 164 мемлекеті мүше ұйымның Өзбекстан экономикасы үшін пайдасы орасан. Ірі кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес өкілдерінің өзара бәсекеге қабілеттілігі осы алып нарықты игеруге мүмкіндік береді. Ал жақында өткен Орталық Азия елдері басшыларының бас қосуы стратегиялық әріптес мемлекеттердің өзара аймақтың дамуында жаңа бағыттар ашты.

БАХТИЁР ИСЛАМОВ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

 - Біз осы жылдар аралығында тек бақылаушы болдық. Енді қазір  мүше болу үшін нақты қадамдар жасалып жатыр. Біз ұйымның артықшылықтары мен кемшіліктерін білеміз, сондықтан осы мәселеге ерекше мән беріп қарадық. Асыққан да жоқпыз. Бәсекеге қабілетті экономиканы құру үшін оны жаһандық жүйенің бір бөлігі етіп жасау керек. Сонда біздің елге инвесторлар өздігінен көптеп ағылады. Заманауи өндіріс дамып, отандық өнімнің экспорттық әлеуеті артады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер