Орталық Азия жаңалықтарына шолу

https://ru.sputniknews-uz.com/Uzbekistan/20180301/7623733/Glavy-MID-Central-Asiya-afganistan-dialog.html

Орталық Азия елдері мен Ауғанстан Сыртқы істер министрлері «Си5 + 1» жаңа форматында диалог жүргізеді. Кездесу наурыздың соңында Ташкентте өтеді деп жоспарланды. Іс-шараға Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстанға көмек көрсету миссиясының өкілдері қатысады. Бұл туралы Sputnik Өзбекстан ақпарат агенттігі хабарлайды. Жаңа формат аймақтық мәселелерді талқылауда тиімді. Сонымен қатар, өңірдің бейбітшілік пен тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша бірлескен шараларды әзірлеуге сеп болады.

************************************************

https://ru.sputniknews-uz.com/politics/20180302/7637597/uzbekistan-i-ssha-vmeste-provedut-issledovaniya.html

Өзбекстан мен Америка Құрама Штаттары Орталық Азияда бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Sputnik  Өзбекстан ақпараттық агенттігінің мәліметінше, тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойыпты. Оған сәйкес, халықаралық даму және аймақтық қауіпсіздік мәселелері бойынша ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға өзара келісім жасасты. Айта кетейік, бүгінде Америка Құрама Штаттарының Орталық Азия аймағындағы реформаларға қызығушылығы жоғары. Әсіресе, мемлекеттік және қоғамдық құрылыс жүйесін жетілдіру, сот-құқықтық жүйесін реформалау, этносаралық келісім мен діни толеранттылықты қамтамасыз ету, өңірлік саясат мәселелеріне назар аударады.

*****************************************************

http://podrobno.uz/cat/calche/delegatsiya-luvra-v-mae-posetit-uzbekistan-o/

Өзбекстанның археологиялық артефактілері Лувр мұражайына қойылады. Көрмені 2021 жылы өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы «podrobno» ақпараттық агенттігі Өзбекстанның мәдениет және өнерді дамыту қорының атқарушы директорының орынбасары Гаяна Өмероваға сілтеме жасай отырып хабарлады. Бұл мәселені жан-жақты талқылау үшін мамыр айында  француз музейінің делегациясы Ташкентке келмек. Бүгінде қор шетелде бірнеше маңызды іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жоспар құрып жатыр.