Қырғызстан экспорт географиясын кеңейтіп, тауар түрлерін көбейтіп жатыр - Kazakh TV

Қырғызстан экспорт географиясын кеңейтіп, шетелдік тұтынушыға ұсынатын тауар түрлерін көбейтіп жатыр. Олар өздерінде өсетін жеміс-жидектерді Орталық Азия аймағы мен Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінің нарығына шығармақ. Тізімнің алдыңғы қатарында тұрған өрік Баткен облысында өсіріледі. Басты мәселе жемісті жеткізу жолдарында кездесетін кедергілерді болдырмау. Бұл ауылдан ай сайын көршілес Тәжікстанға 500 тоннаға дейін тәтті жеміс экспортталады. Ал жемісті шетелге көптеп экспорттау үшін Баткен облысында Кедендік Одақ талабына сай логистикалық орталық салынып жатыр. Оның құрылысы біте салысымен жергілікті шаруалар өнімдерін Орталық Азия аймағы мен  Еуразиялық Экономикалық Одақ елдеріне экспорттауға мүмкіндік алады.

ТҰРСЫНАЛИ  ТОЛОМЫШЕВ, АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 

 - Неліктен біз Еуразиялық Одақ елдеріне сата алмаймыз? Себебі, сол елдердің кәсіпкерлері келісім-шарт жасасуға келіп, қоймаларың бар ма, қанша өнім жеткізе аласыңдар деп сұрайды. Ал бізде логистикалық орталық жоқ. Енді Қазақстан және Ресеймен сауда жасауға мүмкіндік беретін логистикалық орталық салынатын боп шешілді.

Өңірдегі жалғыз логистикалық орталықтың іргесін  жеке кәсіпкерлер шетел инвесторларының қаражатына қалап жатыр. Ал аграршылар Үкімет бұл мәселені шешсе, келесі қадам қайта өңдеу зауытын салуға бағытталатынына сенімді. Бірегей бастама тұрғындарды жұмыспен қамтып қана қоймай, жергілікті өріктен  қосымша өнім шығаруға да сеп болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер